Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен «Жаншуақ» жастар денсаулық орталығы бірлесе отырып, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен №26 орта мектепте ақпараттық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, қойылым қойып, би билеп, өлең айтып, АИТВ тақырыбына арналған танымдық ойындарға белсене қатысты.Мамандар жастармен ашық әңгіме жүргізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы түсіндірді.
Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылып, әрбір жасқа өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі атап өтілді.
Іс-шара достық пен белсенділік рухында өтіп, жастардың білімін арттыруға және АИТВ-ның алдын алу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.