
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің “Экология” мамандығының студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс және ғылыми дәлелденген ақпарат тарату, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету. Сонымен қатар студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күресу жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.