
Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы №10 Шу колледжінің білімгерлеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс, ғылыми негізделген ақпарат беру, инфекциялардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында білімгерлерге:
– қауіпсіздік шаралары,
– стигма мен кемсітушіліктің алдын алу,
– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету
тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.