Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жуалы ауданында студенттермен кездесу өтті

24 қараша күні Жуалы №16 колледжінде дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында кездесу өтті. Мақсат — жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат беру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова, колледж директоры М. Иманбаев және «Сенім» жастар денсаулық кабинеті мамандары қатысты. Студенттер түрлі ойындар мен викториналарға қатысып, маңызды ақпараттармен танысты.
Кездесу соңында ниет білдіруші қатысушылардан жедел тест алынып, олардың денсаулығына назар аудару маңызды екені тағы бір мәрте айтылды.