
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева және психолог Г. Шамурзаева колледж студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген ақпарат беру;
– алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету;
– салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, сондай-ақ стигма мен кемсітушілік мәселелері жайында жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.