Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медициналық колледжінде маңызды семинар өтті

«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен колледж студенттері тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шараға ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова қатысып, кездесудің мақсаты туралы кеңінен айтып өтті.
Индира Мумархановна жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайлы дұрыс ақпарат беру, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Шара барысында студенттер өнер көрсетіп, қызықты қойылымдар мен билер ұсынды, өлең оқып, танымдық ойындарға белсене қатысты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Соңында орталық мейірбикесі Э. Ибрагимова жедел тестілеуден өту мүмкіндігін ұсынып, ақпараттық материалдар таратты.