
Байзақ ауданындағы №6 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологтары Г. Шамурзаева мен Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс өткізді. Дәріс «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.
Дәріс барысында оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы маңызды мәліметтер алып, инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы дұрыс көзқарас жөнінде ақпарат алды.
Іс-шара аясында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.