Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебінде АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өтті

Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Салпыкова жоғарғы сынып оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы маңызды мәліметтер алып, инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы дұрыс көзқарас жөнінде ақпарат алды.
Іс-шара аясында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.