Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектепте АИТВ тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Салпыкова Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– жасөспірімдерге АИТВ/ЖЖБИ жөнінде ғылыми негізделген әрі сенімді ақпарат беру;
– жұқпалы аурулардың алдын алу дағдыларын қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру;
– жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
– салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу соңында қатысушыларға тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық бүктемелер таратылды.