
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева «Солнышко» балабақшасының қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Дәріс барысында АИТВ/ЖИТС туралы жалпы мәлімет беріліп, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара соңында балабақша қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толық әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық бүктемелер таратылды.