Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша мониторинг өтті

2026 жылғы 20–21 қаңтарда Тараз қаласында «Almaz Medical Group» ЖШС қалалық емханасының базасында АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес мәселелері бойынша мониторинг өтті.
Мониторинг аясында ұйымның медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер жөнінде өзекті ақпарат берілді.
Жұмыс барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, кәсіби жұқтырудың алдын алу, авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығы, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қарастырылды.
Мониторингті Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Аушенова К.Б. жүргізді. Медицина қызметкерлеріне персоналдың қауіпсіздігін арттыруға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған тәжірибелік ұсынымдар берілді.