Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастарға АИТВ-ның алдын алу жолдары түсіндірілді

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психолог маманы М.Бегманова қатысуымен ақпараттық-профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының еліміздегі және өңірдегі қазіргі жағдайына тоқталып, жұқпалы аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жастар арасында ақпараттандыру жұмыстарының рөлі ерекше екені атап өтілді.
Дәрістен кейін оқушылармен сұрақ-жауап түріндегі танымдық ойындар өткізілді. Ойын барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, оқушылардың білім деңгейі пысықталды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдіріп, мамандарға сауалдар жолдады.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға маман тарапынан жан-жақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, жасөспірімдерді толғандырған мәселелер бойынша кәсіби кеңестер ұсынылды.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева ақпараттық бүктемелер таратып, алдын алу шаралары жөнінде қосымша мәлімет берді.