
Қаратау ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманованың қатысуымен ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары және тұрақты ақпараттандырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салты туралы мәліметтер берілді.
Кездесу соңында оқушылармен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойын өткізіліп, АИТВ инфекциясының жұғу және жұқпайтын жолдары нақты мысалдармен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева ақпараттық бүктемелер таратып, қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.