
Семинардың мақсаты – медициналық ұйымдарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, кәсіби әрі құпиялылықты сақтайтын ортаны қалыптастыру.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог Аушенова Қ.Б. және дәрігер-инфекционист Темирбекова Г.К. жүргізді.
Іс-шара барысында инфекцияның берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің салдары нақты мысалдармен талқыланып, оларды төмендету жолдары айқындалды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.