Өтетін орны: «Almaz Medical group» медициналық емдеу орталығы конференц-залы.
Өткізу уақыты: 09.30.
Семинар-тренингтің мақсаты: семинарға қатысушыларды медициналық мекемелерде АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма, кемсітушілікпен таныстыру.
Семинарға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
Семинар бағдарламасы:
- Біріктірілген аурулары бар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері, «Вопросы профилактики передачи от матери к ребенку ВИЧ, сифилиса и гепатита С»
- Стереотип, теріс пікір. Алдын ала қараудың көріну кезеңдері. Теріс пікірге бейім топтарды анықтау.
- Сыртқы стигманың көріну формалары. Ішкі стигма.
- Кемсітушілік, кемсітушілік деңгейлері, кемсітушілік негіздері.
- АИТВбайланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде.
- Медициналық мекемелердегі нақты жағдайларға негізделген АИТВөмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары.
- Медициналық мекемеде пациенттерді құрметтейтін және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін кәсіби ортаны құру қадамдары.
- Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы: АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Қ. Аушенова жүргізді. Семинар барысында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілері қарастырылды. Медициналық мекемелердегі АИТВ байланысты стигма және кемсітушілік АИТВ жан-жақты, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде. Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды.
Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.