10.02.2026 жылы Тараз қаласының № 5 Қалалық емханасында «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).
47 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Г.Т.Байдаулетова өткізді. Сертификат нөмірлері 179-ден 225-ге дейін.