Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Авариялық жағдайдағы әрекет алгоритмі түсіндірілді

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері Қ.Аушенова “Дәрігер Абдуалиевтің ЛОР клиникасы” қызметкерлеріне семинар өткізді.
Іс-шара барысында медициналық авариялық жағдайдағы медицина қызметкерлерінің іс- әрекет алгоримдері түсіндіріліп, қан және басқа да биологиялық сұйықтықтармен байланыс болған жағдайда қабылданатын шұғыл шаралар мен постконтакттық профилактика тәртібі айтылды.
Сондай-ақ жедел тестілеудің маңыздылығы, оны қолдану және нәтижесін бағалау жолдары түсіндірілді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын күшейту.