Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар денсаулық орталығында АИТВ профилактикасы тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мейірбикесі Г. Иманбаева №2 қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығында студенттермен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге АИТВ инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарға қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндіріліп, АИТВ-ға тестілеудің маңызы айтылды.