Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жоғары сынып оқушыларына профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді

№56 OPTA мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары М. Бегманова және А. Талапбек қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәріс барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды ақпараттар берілді.
Оқушылар танымдық сұрақ-жауап бөліміне белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға арнайы ақпараттық материалдар таратылды