
Шу ауданының орталық аудандық ауруханасында«Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-инфекциясын кеш анықтау. Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, оны ерте анықтау, клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру және алдын алу шаралары бойынша ақпараттандыру.
Іс-шара барысында: Жамбыл облысы мен Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды. АИТВ-ға тексерілуге жататын халық топтары қарастырылды. Кеш анықтаудың алдын алу және клиникалық көрсеткіштерге сай тестілеу мәселелері түсіндірілді. 2025 жыл және 2026 жылдың алғашқы 2 айындағы тестілеу нәтижелері ұсынылды.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог И.Дегтерева және дәрігер-инфекционист Г.Байдаулетова жүргізді.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.