
Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпарат беру, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларын түсіндіру болды.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясына тексерілуі тиіс контингенттер, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тексеру, тестілеу нәтижелері, сондай-ақ қарым-қатынасқа дейінгі және қарым-қатынастан кейінгі профилактика мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және анадан балаға берілуінің алдын алу тақырыптары қамтылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.