
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары «Еврохим-Қаратау» ЖШС филиалына жұмыс сапарымен барып, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және уақытылы тексерілудің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері де қамтылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, ерікті түрде АИТВ-ға тексерілу ұйымдастырылып, қызметкерлерден ИФТ әдісімен қан алынды.