Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Халық денсаулығы – басты назарда!

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш пен психолог А. Талапбек №5 мектеп-гимназиясының ұстаздарымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар еліміз бен өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, алдын алу шараларының маңызын атап өтті.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салты туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара аясында бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-білім беру бүктемелері таратылды.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға мамандардан толық әрі кәсіби жауап алды.