
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы халық көп шоғырланатын орындарда жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара «Wedrink Taraz» кафесі, «Waffi» кафесі, «Konica» фотостудиясы, «Romantik» гүл дүкені маңында және қала тротуарларында ұйымдастырылды.
Шара барысында жастар мен тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, дер кезінде тестілеуден өтудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық-білім беру материалдары мен бүктемелер таратылып, қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан жауаптар берілді.