
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара Қ. Тұрысов көшесі бойындағы сауда орындары мен жаяу жүргіншілер аймағында ұйымдастырылды.
Шара барысында жастар мен қала тұрғындарына АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, уақытылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық-білім беру материалдары мен жадынамалар таратылып, қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан толық жауаптар берілді.