Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жуалы аудандық орталық ауруханасында АИТВ мәселелері бойынша семинар өтті

Жуалы аудандық орталық ауруханасында «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ/ ЖИТС тің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар, клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ ға тексеру тәртібі, есеп беру жұмыстары, биоматериалдарды алу және зертханаға жеткізу ережелері, сондай-ақ экспресс-тестілеу жүргізу талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары – эпидемиолог дәрігер Г.Ахметова және инфекционист дәрігер С.Токбураева жүргізді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің ВИЧ-инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету бағытындағы білімдерін жетілдіру.