
18 тамыз 2026 жылы Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары Н. Тоғанбай және А. Кокибаева халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар “Wedrink” дүкені, “Asem-ai” сауда орталығы, “М-ломбард”, “Neo dent” тіс емханасы, “Rauza” киім дүкені, “Korzinka” дүкендер желісі, “Nazerke” ательесі және халық көп шоғырланатын тротуарларда болып, тұрғындар мен қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында ақпараттық материалдар таратылып, АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері және уақтылы тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның алдын алуға бағытталған жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.