Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Шу локомотив жөндеу зауыты» ЖШС-де түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Шу локомотив жөндеу зауыты» ЖШС-де электропойыздарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорын мамандары электропойыздардың негізгі техникалық жүйелерінің жарамдылығын тексеріп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар атқарады.
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу, оның жұғу жолдары және инфекциядан қорғану шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар орталықтың медицина қызметкерлері С. Сүгірбекова мен Э. Шотаева АИТВ-ға тестілеуден ерікті түрде өтуге ниет білдірген қызметкерлерден иммуноферменттік талдау әдісімен қан үлгілерін алды.
Барлығы 100 қызметкерден иммуноферменттік талдау жүргізу үшін қан алынды. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік цехтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.