
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медбикелері Нұргүл Бейсетаева мен Нұрдана Тоғанбай Политехникалық колледж студенттерімен АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан сақтанудың тиімді тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
Сонымен қатар студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық бүктемелер таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.