
2026 жылғы 17 қыркүйек күні Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына арналған «АИТВ-инфекциясының алдын алу: әр адам білуге тиіс маңызды мәліметтер» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Тараз қаласы, Төле би көшесі, 23Б мекен-жайында орналасқан «Достық үйі» ғимаратының Конгресс-холл залында өтті.
Семинар барысында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының дәрігер-эпидемиологы Дулатбаева Сара Шадиярбековна АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және ем қабылдау мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды. Қатысушыларға АИТВ инфекциясына тексерілу, оның ішінде ИФТ зерттеуі мен жедел тестілеуден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Тексерілу және қажетті медициналық қызметтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде жүргізілетіні түсіндірілді.
Семинар аясында орталықтың медбикелері Б. Салменбаева, В. Мартынова және Н. Бейсетаева өз еркімен ниет білдірген қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізді.
Ал орталық психологы А. Талапбек қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық бүктемелер таратты.