Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Саналы таңдау – жауапты өмірдің бастауы

Кейде адам өміріндегі ең маңызды сұрақтар өте қарапайым болып келеді:
«Мен қандай адам болғым келеді?»
«Менің бүгінгі таңдауым ертеңгі өміріме қалай әсер етеді?»
«Мен өзіме, отбасыма және қоғамға қаншалықты жауаптымын?»
Осы және басқа да маңызды мәселелер «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы» КМҚК ұжымымен өткен кездесуде кеңінен талқыланды.
Кездесуді «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Дәурен Орайұлы Бағжанов өткізді.
Әңгіме тек кәсіби жауапкершілікпен шектелген жоқ. Адамның қызметіне деген көзқарасы, отбасындағы жауапкершілігі, жеке өмірдегі таңдауы мен ұстанымы — барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екені сөз болды.
Құндылық дегеніміз – сөзбен айтылатын ұғым ғана емес. Құндылық – күнделікті таңдаудан көрінетін өмірлік ұстаным.
Әсіресе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілді. Баланы дұрыс таңдау жасауға үйрету – оған дайын жауап беру емес, әрбір әрекеттің салдарын түсінуге, өз шешімі үшін жауап бере білуге тәрбиелеу.
Өйткені бала бүгінгі ортасынан, ата-анасының ісінен, үлкендердің өмір салтынан үлгі алады.
Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ашық білдірді. Әңгіме өзара сұрақтар, пікір алмасу және өмірлік мысалдар арқылы өрбіді.
Біздің әрқайсымыздың таңдауымыз – тек өз өмірімізге ғана емес, айналамыздағы адамдарға да әсер етеді.
Саналы таңдау жасайтын ұрпақ тәрбиелеу – бүгіннен басталатын ортақ жауапкершілік.