Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты 

Жалпы пайдалануға арналған нұсқаулық 

 

Жалпы ережелер 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының осы ақпараттық қауіпсіздік саясаты (бұдан әрі-саясат) ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру мен басқарудағы тәсілді сипаттайды. Ұйым ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 Қаулысы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы біртұтас талаптар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» және ҚР СТ ISO/IEC 27001-2023 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау — Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі — Талаптар» сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (бұдан әрі — АҚБЖ) енгізілді.

АҚБЖ Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келеді.

 Саясат үшін әдіснамалық негіз болып табылады:

  1. Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай саясатты қалыптастыру және сақтау;
  2. Басқару шешімдерін қабылдау және саясатты іске асыру бойынша практикалық шараларды әзірлеу.
  3. Саясатнегізгі мақсаттарға жетуге бағытталған:
  4. Ақпараттың тұтастығын қорғау;
  5. Маңыздыа қпараттық ресурстардың құпиялылығын сақтау;
  6. Өңделетін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  7. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы негізгі бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
  8. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына жауап беру уақытын қысқарту.

Жамбыл облыстық ЖИТС–тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы міндеттенеді:

  • Өзінің АҚБЖ-ін үнемі жетілдіріп отыру, қолданылатын заңды және басқа да міндеттемелерді сақтау және мүдделі тараптардың қолданыстағы үміттерін қанағаттандыру;
  • Қол жетімділіктібақылау немесе шектеу, сондықтан тек уәкілетті адамдар құпия ақпаратты көруге және пайдалануға мүмкіндік алады;
  • Науқастуралы ақпаратқа тек осы ақпаратты қарау немесе пайдалану қажеттілігі бар адамдарға қол жеткізуге мүмкіндік беру;
  • Пациенттердің ақпараттық қауіпсіздігінің барлық талаптарын орындау;
  • Осысаясатты үнемі қайта қарау.

Осы Саясаттың талаптары Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады.

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері осы саясаттың міндеттемелері мен мазмұны туралы хабардар болады және АҚБЖ құжаттарының талаптарын сақтауға дербес жауапты болады, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласында анықталған барлық бұзушылықтар туралы хабарлауға міндеттенеді.

Басшылық АҚБЖ-ге қатысты мәселелерді шешуге тікелей қатысады.

Бұл Саясат барлық мүдделі тұлғаларға шектеусіз ұсынылатын жалпыға қолжетімді құжат болып табылады.

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының саясаты, сондай-ақ АҚБЖ бойынша барлық құжаттамасы үш жылда бір рет қайта қаралады және түзетіледі.

 АҚБЖ құжаттамасын жоспардан тыс қайта қарау келесі жағдайларда жүргізіледі:

  1. Жамбылоблыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдық

құрылымына елеулі өзгерістер енгізу;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер;
  2. Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің (бұдан әрі — АҚ) пайда болуы.

Өзгерістер енгізу кезінде мынадай кіріс деректері ескеріледі:

  1. АҚ аудитінің нәтижелері;
  2. АҚ бойынша тәуелсіз сарапшылардың ұсыныстары;
  3. Ақпараттық жүйелердің қауіптері мен осалдықтары;
  4. АҚ саласындағы оқиғалар туралы есептер;
  5. Мүдделі тұлғалардың өтініштері;
  6. Алдыналу және түзету әрекеттерінің мәртебесі;
  7. АҚ бойынша басшылық хаттамаларының нәтижелері;
  8. АҚБЖ ауқымына әсер етуі мүмкін өзгерістер, оның ішінде ұйымдық саладағы өзгерістер, ұйымдық жағдайлар, ресурстардың қол жетімділігі, техникалық жабдықтау;
  9. АҚ хабарланған оқиғалар.

АҚБЖ құжаттамасын қайта қарауды оны әзірлеуге және енгізуге жауапты мамандар жүзеге асырады, сондай-ақ өзгерістерге сәйкес АҚБЖ-гі жақсарту мүмкіндігін бағалауды қамтиды.

АҚБЖ-н қайта қаралған құжаттамасын Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының басшылығы бекітеді.