Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жас сарбаздарға аитв инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығына әскерге шақырылған жас сарбаздар келді.
Кездесу барысында мамандар жас сарбаздарға АИТВ инфекциясының алдын алу, оның берілу жолдары, инфекцияның адамнан адамға қалай жұғатыны және одан қорғану шаралары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар сарбаздарға АИТВ инфекциясының алдын алуға қатысты маңызды ақпараттар қамтылған ақпараттық бүктемелер таратылды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және инфекцияның алдын алуға бағытталған.