Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында өткізілген семинар

12.10.2018 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында мекеме мамандарының ұйымдастыруымен келесі жекеменшік медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізілді: «Жүрек» клиникасы, «Диал» стоматологиясы, «Оптимед» ЖШС, «Кардиохирургия орталығы» «Неке және жанұя» медициналық орталығы, облыстық балалар стоматологиясы, «Good look» медициналық орталығы, «Мейірім» медициналық орталығы.

«Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тұлғаларды АИТВ инфекциясына міндетті жасырын медициналық тексеру ережелерін бекіту туралы» 23.06.2015 жылғы №508 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен семинарға қатысушыларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Р.О.Перзадаев таныстырды. АИТВ сұрақтары бойынша медициналық тексеруді жүргізудің реті туралы тақырыпты дәрігер эпидемиолог Цзи А.С. толық қанды ашты. АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу және АИТВ инфекциясының клиникалық көріністеріне емдеу бөлімінің меңгерушісі Ниязалиева Ф.А. тоқталды. «АИТВ-ны   зертханалық иммуноферменттік талдау әдісімен зеттеу туралы есеп» тақырыбында  түсіндірме  ақпаратпен  зертхана  меңгерушісі Калметова В.М. сөйледі.

Медициналық қызметкерлердің сұрақтарына толық қанды жауаптар қайтарылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған