Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық ЖИТС орталығы аудан медиктері үшін семинар-тренинг өткізді.

Алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында қызмет атқаратын Меркі ауданының медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар-тренинг өткізді.

Өз аймағының тұрғындарын жетік білетін МП, ФАП, ОДА, ОАЕ қызметкерлері кездесуге бірінші кезекте шақырылды. Тұрғындармен алдын алу жұмысын жүргізудің негізі болып «ақпараттанған адам азулы» қағидасы саналды. АИТВ туралы ақпараттанған адам оны жұқтырудан да аулақ болады. Психоәлеуметтік кеңес сұрақтарына аса көңіл аударылды. Түрлі санаттағы тұрғындармен және шамалы топпен тәжірибе жүзінде кеңес беру дағдылары үйретілді. Тыңдаушылардың тәжірибелік сабақта жіберген кемшіліктерін облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жұмыс барысында түзетіп отырды. Кеңестен кейін өткізілген тест Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының арасында бекітілген меморандум міндеттерін орындау дегенді білдіреді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинар-тренингпен бірнеше ауданға іс-сапарға шығуды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған