Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС-ның эпидемиологиялық ахуалы, онымен күрес жүргізу, зертханаға қан алу тәртібі» атты семинар-кеңес

2018 жылдың 16 қараша күні облыстық қан орталығының мәжіліс залында медициналық мекемелер мен жеке меншік медициналық емдеу уйымдары  арасында «Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС-ның эпидемиологиялық ахуалы трасплантация/гемотрансфузияны инфекциядан қауіпсіздендіруді қамтамасыздандыру және медициналық қызметкерлердің кәсіптік жұқтыруы»  атты тақырыбы бойынша семинар-кеңес откізілді.

Семинар-кеңесте облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік бөлімі жөніндегі орынбасары Абдикеримова О. Ж. және АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Перзадаев Р. О. мәжіліс бағдарламасын хабарлады. Сондай ақ семинар-кеңесте «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 бұйрығының орындалуы. Қан құюдың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар» атты тақырып бойынша Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Цзи А.С. мәлімет берді.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аурухана ішілік эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Цай Ю.Г.  2017 жылдың 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» жөнінде толық ақпарат берді.

«Донорлық қанның қомпоненті мен инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына облыстық қан орталығының қанды тестілеу және инфекцияны зертханалық диагностикалау бөлімінің меңгерушісі Жаманкулова П.М. назар аударды.

Семинар-кеңестің  соңында облыстық ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Каримова В.М. және эпидемиолог дәрігер Когай В.Г. «Вакуумды жүйенің көмегімен қан алу ережесі. Экспресс-тест әдісімен АИТВ-ға тестілеу»және «Адамның АИТВ-инфекциясына иммуноферменттік талдау әдісімен қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері туралы есеп,№4 нысан» тақырыптарын  толық жеткізе білді.

Ақпарат беруші дәрігерлерге көптеген сұрақтар қойылды және сол сұрақтарға толық нұсқада жауаптар қайтарылды.

Жалпы есеппен семинар-кеңеске облыстық медициналық мекемелер мен жеке меншік медициналық емдеу уйымдарының атынан келген қатысушылар саны 70 адамды құрады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған