Медициналық санитарлық көмек көрсететін (МСАК) Жуалы ауданы медициналық қызметкерлерін АИТВ инфекциясы туралы оқыту бойынша Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жұмысын жалғастыруда. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова семинарға қатысушыларды алғашқы базалық ақпаратпен таныстырды: АИТВ-ның алдын алу шаралары және таралу жолдары, Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы, медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру туралы, қорғаныш жүйесінің қызметі туралы. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова «стигматизация » мен «кемсітушілік» ұғымдарына анықтама берді. АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға көмек және қолдау көрсету дайындығын тәрбиелеу жайлы сөз қозғалды. Семинарға қатысушылар «Кемсітушілік» жаттығуына жұппен жұмыс жасады.  Қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың құқықтарын қорғау мен қолдауда қандай жақсы істер жасауға болатынын ойлану ұсынылады. Семинардың соңында АИТВ біліміне сауалнама жүргізілді.