Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы курес Кампаниясына орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Ашық есік күні» өткізіледі. Осы күні келушілердің иммуноферменттік талдау және жедел тестілеуден ақысыз өтуіне, сонымен қатар инфекционист, эпидемиолог дәрігерлерден кеңес алуына мүмкіндігі болады. Облыстық ЖИТС орталығының Достық кабинетіне Тараз қаласының 15-25 жас аралығындағы жастарды жедел тестілеуден өтуге және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеріліп, дерматовенеролог дәрігерден кеңес алуға шақырамыз.