28.11.2018ж. УЖД 158/7 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген акцияға ат салысқандар арасында: Жамбыл облысы бойынша сотталғандарды медициналық қамтамасыздандыру тобының дәрігер-аға маман Махмудов К.С., УЖД 158/1; 158/2; 158/4; 158/5; 158/7 мекемелерінің АИТВ/ЖИТС қа жауапты медициналық қызмет басшылары болды. Іс шарада ақпараттық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Виктор Когай АИТВ инфекциясының таралу жолдарына және алдын алу шараларына, сонымен қатар АИТВ статусының мағынасы мен мәні туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Мырзатаев Ж.К. әр адамның денсаулығы өзіне байланысты, жауапты мінез құлықтың нәтижесі деді. Іс шарамен 175 адам қамтылды.