Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай Сарымолдаева балалар үйінде ағымдағы жылдың 28 қарашасында облыстық ЖИТС орталығының маманы Р.Жакенова дәріс оқыды. Қазіргі таңда бұл мекеме «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» болып өзінің атауын өзгертті. Мекемеде тәрбиеленуші балаларға АИТВ/ЖИТС туралы, таралу жолдары, өз денсаулығы мен іс әрекетіне жеке жауапкершілігін қалыптастыру жайында барынша толық ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар орталықтың психологтары мен медициналық қызметкерлеріне ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыныстық мінез-құлық, қауіпсіз мінез-құлық жайында  кеңес беру тәсілдерімен бөлісті.