Сахарный кентінде орналасқан №7 қалалық емхананың жаңа Сенім пунктінде (СП) психолог Сунгибаев Бауыржан және медбике Никулина Алена жұмыс атқарады. Сенім пункті инъекциялық есірткі тұтынушылардың арасында зиянды төмендетуге бағытталған алдын алу шараларын жүргізуге арналған. Психолог тестілеу түрлері мен олардың нәтижесі, алдын алу шаралары туралы тестілеуге дейін және кейінгі кеңес береді, симптомдары мен шағымдарына сәйкес білікті мамандарға жібереді. Медбике АИТВ жұқпасын анықтайтын ИФТ жылдам әдісімен тестілеу үшін, қан алады. Облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Исаев Айбек инъекциялық есірткі тұтынушыларды тарту және оларға алдын алу қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі СП белсенді жұмысына сенім білдірді.