Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-н алдын алу және қарсы күресу күніне орай, 1 ай ішінде өткізілген іс-шараларды қорытындылап, Жамбылдық жоғарғы политехникалық колледжінде спорттық жарыс өткізді. Облыстың  ұзақ тарихы бар оқу орындарының бірінде, оқытушылары мен оқушылары барлық спорттық-сауықтыру іс-шараларға белсене қатысуымен елге танымал. Колледж спорттық алаңдары спорттық құралдармен жабдықталған.

Оқытылатын студенттер арасында көптеген спортшылар бар, сондықтан ұйымдастырушылар, жарысты балалардың жақсы көретін ойындарының бірі- баскетболдан өткізуді ұйғарды.

Әр-түрлі факультет ұл-қыздары 12 топты құрап, қызығушылықпен іс-шараға қатысты. Бұл шара «Өз статусыңды біл», «АИТВ тексеруден өт» деген ұрандармен өтті.

– Біздің балалар тек спортпен айналысып қана қоймай,  сонымен бірге денсауығы мен қылмыстың алдын алу туралы ақпаратпен қарулануға дайын. Бүгінгі шара-соның дәлелі,- деді  Жамбыл  жоғары политехникалық колледжінің дәріскері Алмас Курбанов.

Колледж директоры Данияр Мамытбеков , құттықтау сөзімен жарысты ашты, басшы жеткіншектерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, командаларға сәттілік тіледі.

Содан кейін, ЖИТС орталығының алдын –алу бөлімінің ұйымдастырушы-дәріскері Рахима Жакенова шараға қатысушыларға  алдын алу және Жамбыл облыстық  ЖИТС қарсы күресу күні,  АИТВ стигма мен  кемсіту туралы қысқаша ақпарат берді.

Жарыс барысында спортшыларды курстастары ыстық ықыласпен қолдады. Жарыс соңында жеңімпаздар  Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу және қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері дайындаған, кубоктармен марапатталды.