Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жыл сайынғы семинар-кеңес өткізілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті.Семинарға АИТВ жауапты мамандар, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінің эпидемиолог-дәрігерлері қатысты.
Іс-шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагуловтың құттықтау сөзімен ашылды. Семинардың ауқымды бағдарламасы түрлі профильдегі мамандардың ортаға салған ойларын қамтыды.
Жамбыл ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Гүлжан республика және Жамбыл облысы бойынша АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып,сонымен бірге негізгі мәселелер мен олардың шешімдерін атап өтті.
АИТВ оң науқастарды диспансеризациялау бойынша жұмыстар туралы дәрігер-инфекционист Гүлнар Байдәулетова әңгімеледі.
Өз кезегінде, облыстық қан орталығының ИФТ зертханасының меңгерушісі Венера Каримова «Вакуум жүйелерін қолдану арқылы қан үлгілерін іріктеу ережелері. Жамбыл облысы бойынша 2018 жылғы ЕАҰ пікірлер » тақырыбына баяндама жасады.
Эпидемиолог-дәрігер Александр Цзи «Жамбыл облысы бойынша қан алушылар үшін АИТВ тестілеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбына баяндама оқыды.
Семинардың соңында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия медициналық ұйымдар деңгейінде халық арасында АИТВ жәнеЖИТС алдын алу туралы маңызды ақпарат берді.
– Біз алдын алу семинарларына жиі барамыз, деді инфекциялық бақылау перинаталдық орталықтың медбикесі Қарлығаш Аленова.
– Біз алған білім өте маңызды, себебі АИТВбайланысты жағдайды үнемі қадағалап отыруымыз керек және тиісті бұйрықтар бойынша қатаң жұмыс істеу керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған