Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында өткен семинар-кеңес

2019 жылдың 15 наурызында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Жамбыл облысы ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагуловтың құттықтау сөзімен ашылды. Семинар бағдарламасымен Бас дәрігердің орынбасары Абдикеримова О.Ж. қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Тұсаукесерлерін АИТВ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А, емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері Байдаулетова Г.Т., зертхана меңгерушісі Каримова В.М., алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғ.Ү. ұсынды.Олар қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ жұқтырғандарды диспансеризация жұмыстарымен, АИТВ айқындауға қан алу әдістерімен таныстырды. Медициналық ұйымдар және АМСК АИТВ/ЖИТС халық ішінде алдын алу шаралары туралы әңгімеледі. Облыстың, қаланың және жеке медициналық мекемелерінің 67 медицина қызметкері қатысты. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған