Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге көмек

2019 жылдың 16 қазанында Тараз Қ. №6 қалалық емханада (ҚЕ) Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ туралы семинар өткізілді. Семинарды өткізудің мақсаты-емханалық қызметтің алдын алу іс-шараларын өткізуде әдістемелік көмек көрсету, ҚЕ жанындағы сенім пунктінің жұмысын, АИТВ тестілеуді танымал ету, байланыстан кейінгі алдын алу (БКА) туралы ақпарат беру. Эпидемиолог дәрігер Дегтерева Ирина семинарға қатысушыларды ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, бекітілген халықты АИТВ скрининг, қолданыстағы бұйрықтар және олардың орындалуымен таныстырды. Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова аймақта АИТВ тұрақтандырудағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (АМСК) рөлі, АИТВ өмір сүретін адамдарға (АӨСА) қатысты стигма және кемсітушілік туралы айтып берді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған