Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастарға АИТВ туралы берілген ақпарат

Ағымдағы жылдың 08-ші қазанында «Аспара» колледжінде «АИТВ туралы не білесіз?» тақырыбында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының социологі Бегманова Мерекенің қатысуымен ауқымды дәріс оқылып, АИТВ жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖИТС орталығы мамандарының міндеті жастардың ақпараттану деңгейін көтеру, АИТВ инфекциясын жұқтырушылардың басым көпшілігі жасөспірімдер мен жастар екендігіне студенттердің көңілін аудару. Сонымен қатар АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары және АИТВ-ға тестілеу түрлері жөнінде анық мәліметтер берілді. Жастар орталығының психологі Жайлауқызы Сымбат салауатты өмір салтын ұстану және АИТВ-ны жұұтыру қаупін болдырмайтын мінез-құлықты саналы түрде таңдау қажеттілігіне тоқталды.

btr

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған