Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Дүниежүзілік ЖИТС күрес күніне арналған баспасөз конференциясы

Жамбыл облысында Дүниежүзілік ЖИТС күрес күніне арналған айлық басталды
5 қараша күні Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Айлық баспасөз конференциясын ашты, оған аймақтық БАҚ өкілдері шақырылды.
Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагуловтың айтуынша, 1 желтоқсанда бүкіл әлем бойынша атап өтілетін ЖИТС қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ЖИТС қарсы іс-қимылда қоғамдастықтың негізгі рөлін мойындауға мүмкіндік береді. Олардың қатарына АИТВ өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдар тобы, көктамырішілік есірткіні тұтынушылар және секс-бизнес қызметкерлері, әйелдер мен жастар, денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен халық белсенділері кіреді.
Баспасөз конференциясы барысында тілшілер ЖИТС орталығының әр түрлі бөлімдері мамандарының сөздерін тыңдады, сондай-ақ өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алды.
Бірінші кезекте кездесуге қатысушыларға Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша көрсеткіштер айтылды. ЖИТС ОО эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Қалметова ағымдағы жылы облыс бойынша АИТВ-жұқпасымен 80 адам анықталғанын, оның ішінде 73 ҚР азаматы мен жеті шетел азаматы, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендегенін атап өтті:анықталған 84 адамның төртеуі шетелдік азаматтар.
– 2019 жылдың 1 қазанына Жамбыл облысында барлығы 1349 АИТВ-жұқпасының жағдайы тіркелді, оның 69%-ы ер адамдар, 31%-ы әйелдер, – деп хабарлады спикер. – Инъекциялық есірткіні қолданған кезде АИТВ жұқтыруына 50%, жыныстық жолмен жұқтыруына- 43%, басқалары-7% келеді. АИТВ барынша жұқтыру 20-дан 49 жасқа дейінгі (87%) ауқымға келеді.
Одан кейін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС ауыратын науқастарға емдеу-алдын алу көмегін көрсету бөлімінің меңгерушісі Фируза Ниязалиева Қазақстанда емделушілерді емдеуде жылдам тиімділікті көрсететін соңғы ұрпақтың антиретровирустық препараттарының қолданылатынын атап өтті.
ЖИТС орталығының иммундық-ферменттік зертханасының маңызды жұмысы туралы, АИТВ-инфекциясына адамдарды анықтау әдістері туралы оның меңгерушісі Венера Кәрімова хабарлады, жылдан жылға АИТВ тестіленушілер саны ұдайы өсуде. Егер 2017 жылы АИТВ-тестінен 143127 адам өтсе, 2018 жылы — 147559 адам өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында халықтың негізгі топтарына қызмет көрсету үшін құрылған ЖИТС ОО Достық кабинеті ерекше сұранысқа ие екені айтылды.
— Бүгінде кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін қоғамдастықтарды жұмылдыру қажет, – деп қорытындылады ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова. — Ол халықтың ақпараттандырылуын арттыруға, күн тәртібінде ЖИТС мәселесін сақтауға және адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АИТВ байланысты Стигма тек жеке адамның өміріне ғана емес, жалпы қоғамның дамуына да теріс әсер етеді, ол тестілеуден бас тартуға және медициналық көмекке уақтылы жүгінуден бас тартуға әкеп соғады. АИТВ-инфекциясы бар адамдар бұрынғысынша өз мәртебесін жасырады, өйткені қоғамның оларға төзімділігіне сенімді емес және қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуді жалғастырады, осылайша АИТВ жұқпасын одан әрі таратады.
Іс-шараның қорытынды аккорды ЖИТС ОО қызметкерлерін тілшілерге алдын алу әдістерін кеңінен ақпараттандыру арқылы АИТВ және ЖИТС белсенді бірлескен күрес жүргізуге шақыру болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған