Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Баспасөз – конференциясының баспасөз – релизі

Ұйымдастырушы: Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы ЖИТС күрес жүргізу күніне орай баспасөз- конференциясының баспасөз-релизі
Бүкіл әлемде жыл сайын ЖИТС күрес күні атап өтіледі. 2019 жылы бұл күн «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен өтеді.
Жамбыл облысында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ЖИТС күрес күніне арналған айлық өтеді.
Қазіргі уақытта АИТВ және ЖИТС-бұл медицина немесе жеке адамдар тобының мәселесі ғана емес, бұл жалпы қоғамның мәселесі.
ЖИТС пайда болуы қоғамды адам құқығы, гуманизм, қауіпсіздік және төзімділік сияқты әлеуметтік өмірдің қалыптасқан ұғымдарына жаңаша қарауға мәжбүр етті.
Жастар ортасында қауіпті әрекеттердің көбеюі, мысалы, инъекциялық есірткілерді пайдалану, қорғалмаған жыныстық қатынас жасау, халықтың едәуір бөлігінің жыныстық сауатсыздығы АИТВ-инфекциясының таралуына себеп болды.
АИТВ байланысты стигма тек жеке адамның өміріне ғана емес, жалпы қоғамның дамуына да теріс әсер етеді. Стигма тестілеуден және уақытылы медициналық көмекке жүгінуден бас тартуға әкеледі. АИТВ-инфекциясы бар адамдар бұрынғысынша өз мәртебесін жасырады, өйткені қоғамның оларға төзімділігіне сенімді емес және қорғалмаған жыныстық қатынас жасауды жалғастырады, осылайша АИТВ одан әрі таратады.
– 2019 жылдың 1 қазанына Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының 1349 жағдайы тіркелді,оның 69% – ы ер адамдар, 31% – ы әйелдер, – деді Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Ерлан Исмағұлов. – Инъекциялық есірткіні қолданған кезде АИТВ жұқтыруына 50%, жыныстық жолмен жұқтыруына 43%, басқалары — 7% келеді. АИТВ барынша жұқтыру 20-дан 49 жасқа дейінгі (87%) ауқымға келеді. Әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бойынша АИТВ жұқтырғандардың 54% жұмыс істемейтін тұлғалар, жұмыс істейтіндер — 15% құрады.
Спикерлер: Исмагулов Ерлан Толалиевич – ЖИТС ОО бас дәрігері, Қалметова Гүлжан-эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі, Ниязалиева Фируза-емдеу бөлімінің меңгерушісі, Каримова Венера- ИФТ зертханасының меңгерушісі, Садыбекова Ғалия-алдын алу бөлімінің меңгерушісі.
Өткізілетін күні : 5 қараша 2019 жыл
Уақыты: 10:00-11:00
Өткізу орны: Таразқ., . Төле би көш.64 г, конференц-зал, 1 қабат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған