Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Р. Х. Жәкенова мен М. С. Бегманова № 17, 29 және 55 орта мектептерінде «Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, берілу жолдары, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында дәріс оқыды. Оқушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.