Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жоғары Жамбыл политехникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс

Жоғары Жамбыл политехникалық колледжінде дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Р.Жәкенова, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатры Д. Оспанова және «Жастар» орталығының психологтары Жайлау Сымбат және Жаркимбекова Ақерке өткізді.
ЦПЗ психиатры және «Жастар» орталығының психологтары стресс тақырыбын ашты, стресс себептері мен оның салдары талқыланды. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Р.Жакенова АИТВ/ЖИТС алдын алу, берілу жолдары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, сонымен қатар, жыл сайын 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес кампаниясы өткізілетіні туралы мәлімет берді. Іс-шара 2019 жылы 11 қарашада өткізілді, 80 адам қамтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған